Күшіңді сез. Өзіңді сына. Батыл бол.
Жастарға арналған бағдарлама: тәртіп, мінез, команда.

Арнайы жасақта қызмет еткен зейнеткерлер.
Тактикалық дайындық, және басқа да мықты жаттығулар – бәрі бір курста!
Бұл бағдарлама сені өзгертеді: сенімділік, тәжірибе, жаңа мүмкіндіктер.
Үйрен, өс, командамен бірге дамы! Бұл жерде әр күн – жаңа скилл мен жаңа сен.
Мақсатымыз
Жай қатысып кету емес — өзіңді өзгерту. Мінезіңді шыңдап, тәртіпке үйреніп, командамен бір бол. Бір күнде — жаңа көзқарас, жаңа деңгей.

Жауапкершілік пен тәртіп — мінезіңді қалыптастырады.

Бірге істейміз. Бір-бірімізді қолдаймыз. Бір команда – бір мақсат.

Қиындыққа берілмейміз. Төзімділік пен сенімділік – біздің күніміздің бөлігі.

Отанды құрметтеу – біздің басты мақсатымыз. Қызметтің мәнін жүрегімізбен сезінеміз.
Бағдарлама бөлімдері
Құрамда әрекет ету, қозғалыстағы тактикалар мен нақты жағдайларда шешім қабылдау. Нағыз әскери дайындық осылай басталады.

Кедергілерден өтіп, күшің мен төзімділігіңді сынайсың. Мақсат — шегіңді бұзып, өз мүмкіндігіңді ашу.

Бір команда болып тапсырмаларды орындаймыз. Бірлік, сенім және қолдау – жеңістің кілті.

Қарапайым қорғаныс пен қарсы әрекет тәсілдерін үйренесің. Кез келген жағдайда өзін сенімді ұстайсың.

Төтенше сәтте не істеу керегін білесің. Өмірді сақтап қалудың негізгі дағдыларын меңгересің.

Сапта жүру, тәртіп пен үйлесімділікке үйрену. Мұнда әр қадам — жауапкершілік пен тәртіп белгісі.
Неге біз?
Қазақстанда дәл осындай толық бағдарлама тек бізде.
Арнайы қызметте тәжірибесі мол тәлімгерлер сабақ береді.
Төзімділік, тәртіп, көшбасшылық — бәрін бірге қалыптастырамыз.
Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады, бәрі бақылауда.

Ұлттық жекпе-жек өнері
Ұлттық жекпе-жек өнері — Ұлы Даланың батырлық жолын бүгінгі буынға қайта ұсынған жаңа стиль.
Біз ата-бабадан қалған тәртіпті қазіргі жаттығулармен ұштастырып, шымыр дене мен темірдей мінезді бірге қалыптастырамыз.
Әр қимылда еркін желдің тынысы мен самғаған бүркіттің күші сезіледі.
Бұл жол намыс пен жауапкершілікті сақтауды, өзіңді жеңуді және командамен бір толқында болуды үйретеді.
Рухыңды оят, жауынгер жолын таңда

Байланыс
Хабарласу оңай: WhatsApp-та жаз, Instagram-нан жаңалықтарды қарап тұр, не тікелей қоңырау шал.
«Бір күн арнайы қызметте» инструкторлар ата-аналармен және қатысушылармен тез байланысады.